2018 жылы жүзеге асқан жобалардың жалпы құны 1,2 триллион теңге
Президенттің бір жыл бедеріндегі әрбір күні, әрбір сағаты мен минутына дейін алдын ала жоспарланады. Жер жүзі мен ел ішіндегі сапарлар. Жүздеген кездесулер, маңызды келіссөздер. Бірақ, бәрінен маңыздысы – елдің жағдайы, ішкі ахуал. Биыл да Назарбаев ат үстінен түскен жоқ. Ертіс пен Еділдің арасын түгел аралап, жергілікті жерлерде ширығып жатқан шаруаларды түгендеді. Кем-кетік, кемшіліктер болса, әкім-қараларға түзеуді нығырлады. Президент сапарлары кезінде елдің әр қиырында ондаған өндіріс орны ашылды. Негізі, жиһанда болып жатқан кез келген дағдарыстың салқыны - дамыған, дамушы, кедей елдерге өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазір әр ел, әр қауым өзінше ерекше экономикалық кезеңнен ентікпей өтудің жолын іздеп жатыр. Қазақстандық жол – инновация мен индустрия. Бұл қазақ экономикасын шикізатқа деген тәуелділіктен алыстатуға мүмкіндік. Бастысы, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Биылғы іске қосылған ілкімді жобалардың соңғы нүктесі осы айдың басында өткен республикалық телекөпірде түйінделді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
