Басты мәселе - баспана
Бұл - Астана. Басты арман - баспана. Құны масқара. Құлпы басқада.
Елімізде басыбайлы баспананың қиялымен өмір сүріп, бірақ, амалсыз басқаның пәтерін сағалап, жағалап жүргендер көп. Түрлі санат бойынша кезекке тұрып, ақырында баспана алудан күдер үзгендер де жетерлік. Алайда, құрылыстың қарқынында мін жоқ, қызып жатыр. Тек бағасы қарапайым халықтың қалтасына шақ емес. Ал, қолжетімді үйлердің құрылысы керісінше баяу, қамшысүйер аттай қозғалар емес. Шаңырағы болмаған соң, талай адам табалдырық тоздырып шаршады. Үйсіз жүргеннің күйі де келіспейтіні бесенеден белгілі ғой. Тапқан табысы қолда тұрмай, жалға берушінің қалтасын қампайтады. Сондықтан, жинағы жоқ жан қайтсін, қиналса да қожайынының қас-қабағына қарап күнелте береді. Бірақ, күнелтпей өмір сүру үшін, әлбетте, өз үйі-өлең төсегі болуы керек емес пе?
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы