Озық технологиялардың дамуы байланыс құралдарының да мән-мазмұнын күрт өзгертті. Батыстың алпауыт ақпарат құралдарының өзі оқырман мен көрерменнің көңілін табу үшін тың тәсілдерге көше бастады. Мәселен, «The Wall Street Journal» басылымы мақалаларының кіріспесін роботтар жазады. Яғни, жасанды интеллект адамнан гөрі бүгінгі тұтынушының мінез-құлқын дөп басады. Демек, алдағы жылдары да халықтың назары үшін үлкен күрестер жалғасады, дұрысы қатты күшейеді. Контент жасау стратегиясы тіпті күрделенеді.
Ал, қазақ интернет нарығы жаңа технологияға қаншалықты бейім, заман көшіне ілесе алып жүр ме? Бұл сауалдарға осы апта қазақтілді контентті дамытуға арналған «QazForum-2018» конференциясында жан-жақты жауап ізделді. Жалпы, қатысушылардың айтуынша, осымен үшінші рет ұйымдастырылған шара дәстүрге айналып келеді. Ең бастысы - форумның деңгейі көтеріліп, мәндік-мазмұндық тұрғыдан да сапасы артқан.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.