Елбасы Н.Назарбаев Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті
Осы аптада Елбасы Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев генерал-губернатордың Қазақстанға алғашқы ресми сапарының канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа аттанған кезімен тура тұспа-тұс келуінің мәнін атап өтті. «Өзіңіз де осындай миссиямен ғарышта екі рет болғандықтан, Сіз үшін мұның маңызы зор»,-деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 26 жыл толғанын айтып, сауда және өзара инвестиция салаларында оң үрдіс бар екеніне тоқталды. Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетт Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік берілгені үшін ризашылық білдіріп, бұған дейін түрлі ғарыш бағдарламаларының қатысушысы ретінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында болғанын айтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы