Қазақ мемлекетінің қатысы бар саяси һәм экономикалық жиын осы аптада Ресейдің Санкт-Петербург шаһарында өтті. Бес миллионнан аса тұрғыны бар қала Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің көшбасшыларын күтіп алып, құрмет көрсетті. Бұл күні одақтың жоғарғы кеңесімен жапсарласа, ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті де өтті. Қос бірдей келелі кеңеске ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
Енді Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер арасындағы еңбек нарығында ортақ база жасалатын болды. Ортақ база. Бұл дегеніңіз, 5 мемлекеттің тұрғындары нәсіп пен кәсіп іздесе, бос орындарды енді жалпыға бірдей желіден таба алады. Негізі, бұл ұсынысты Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Сочиде өткен жиында ұсынған еді. Ұсыныс құрғақ сөз күйінде қалған жоқ. Енді оның қаншалықты нәтижелі болатынын уақыттың еншісіне қалдыралық.
Тоқетері, биыл Санкт-Петербургтегі жиында одаққа мүше мемлекеттер арасында мұнай мен газ тасымалы, Қытай мен Иранның Еуразиялық Одақпен еркін сауда айналымына өтуі, осы тектес 18 құйқалы құжатқа қол қойылды. Ал, одақтың органдарына келер жылы Армения Республикасы төрағалық етеді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.