Ақылы автобандар жолды күтіп-баптау мәселесін толық шеше ала ма?
Ел инфрақұрылымын жақсартуды, жаңартуды көздеген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аяқталуға жақын. О бастан мақсат айқын еді. Үкіметке сілеңді қатырып, сілікпеңді шығаратын ойдым-ойдым жолдарды оңалтып, шұрық-тесікті түзеу тапсырылды. Төте жолдар төселіп, алыс аймақтағылар бір-біріне бұрынғыдай ат шалдырып шаршап емес, сүт пісірім уақытта сергек жетуі керек еді. Президенттің тапсырмасын орындау үшін атқарушы билікке 2015 жылдан 2019 жылға дейін 4 жыл мерзім берілді. Меже мерзімінен бұрын іске асты деп, жауырды жаба тоқи алмаймыз. Бірақ, бүгінге дейін белгілеп берілген 7 мың шақырым жолдың 2,4 мыңы қайта жаңғыртылса, 4 мыңнан астамында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, кәдеге асқан жолдардың сапасы биік-биік мінберлерден айтылып жүрген баяндамалардағыдай баянды ма? Сөз бен іс қаншалықты сәйкеседі? Жалпы, автобандарды ақылы ету салынған жолдарды күтіп-баптау мәселесін толық шеше ала ма?
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы