2019 жылы полицейлерге үйге өтемақы төленеді
Келер жылдан бастап, баспанасы болмай, баз кешіп жүрген полицейлердің барлығына үйге өтемақы төленеді. Жарытпаған жалақылары өседі. Дегенмен, бәріне бірдей деп көңілдерін желпілдетпей-ақ, елпілдетпей-ақ қоялық. Мұндай жеңілдікке шен тағып, шекірейгеннің бәрі іліге қоюы екіталай. Өйткені, қазіргі ішкі істер саласы қызметкерлерінің жұмысы, іс-әрекеті қоғамның өкпе-ренішін туғызып, көңілінен шықпай отырғаны рас. Тұрғындар тарапынан сенімсіздік басым. Сондықтан, Қазақстан полициясына үлкен реформа керек. Осыған байланысты келесі жылы тәртіп сақшылары жаппай аттестациядан өтіп, тек лайықтылары ғана қызметін жалғастырмақ. Осы аптада Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ішкі істер саласының күнгей-көлеңкелі мәселелері қаралды. Мемлекет басшысына реформамен қатар, үстеріне киер жаңа форма да таныстырылды. Министр Қасымовтың айтуынша, тәртіп сақшыларының жаңа киім үлгілері ыңғайлы әрі сапалы болмақ.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы