ІТ технология, инновация, коворкинг, блокчейн, венчур, стартап. Бұл - бүгінде тұрмысымызға еніп кеткен, күнделікті қолданылатын сөздер. Себебі, жаһандану дәуірінде ақпараттық технология кез келген ел дамуының басты күшіне айналып отыр. Қазақстан да көштен қалмай, стартап жобалардың отанына айналуы керек. Осы аптада «Астана Хаб» халықаралық технопаркінің ресми ашылуында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп еді. Ең озық ойлы ғалымдар мен кәсіпкерлердің ордасына айналады деген орталық «Экспо» көрмесінен мұраға қалған ғимараттың біріне орналасты. Мемлекет басы «бұл технопарк Қазақ инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет», деді. Ол енді уақыттың еншісінде.