Елдегі күре жолдардың жағдайы жақсарып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі күре жолдардың жағдайы жақсарып келеді

11.11.2018

Бесенеден белгілі дүние – біз қанша жылдан жырлап келе жатқан туризмді дамыту үшін тақтайдай түзу жолдар мен қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Жол жақсы болса – жолаушы шаршамайды. Адамзат тіршілігіне қан жүгірткен күре жолдар бүгінде өркениеттің өрісін кеңейтіп келеді. Алыстағы ағайынға апталап жүретін алыс жолдарды төтесінен тартқан теміржолдар алмастырды. Ат тұяғын тоздырған арба жолдың орнына тақтайдай тегіс даңғылдар салынып, автокөліктер зымырады. Қазір байқап қарасақ, шетелден келген қонақтар қазақ жерінің кереметтерін көлікпен жүріп тамашалағанды жөн көреді екен. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, қазіргі күні автомобиль жолдарының бірқатар бөлігі ептеп жөнделіп келе жатыр.

Естеріңізде болса, 2014 жылы Елбасы Жолдауында «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданған еді. Бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, бұл бірінші кезекте Астананы республиканың өңірлермен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын құруды көздейді. Яғни, инфрақұрылымдық дәліз Астанамен және макроөңірлерді магистральды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен «шұғыла» қағидаты бойынша өзара байланыстырады. 

Хабарламаларға жазылу