Астанадан 7 миллион теңгеге бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадан 7 миллион теңгеге бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады

04.11.2018

Осы апта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша осындай арзан үйлер сатылымға шыққаны жария болды. Жағымды жаңалық әрине, қамыққан, жабыққан жұртқа үміт сәулесін сыйлағандай болды. Қаншама қазақстандық қыруар қаржы шығындамай-ақ арзан, әрі сапалы үй салуға болады екен ғой, деп шын қуанып қалды. Жалпы, біздің қоғамда баспана бас қайғыға айналғалы қашан?! Қаншама қазақ жетімбұрыш жағалап, пәтер иесінің қас-қабағын бағып жүр. Иә, кез келген қоғамда азаматтардың әлеуметтік жағдайы баспанамен өлшенетіні белгілі. Мемлекет осы күрделі мәселені шешу үшін сан түрлі бағдарламаларды іске қосты. Кезінде соңы сиырқұйымшақтанып кеткен «Тұрғын үй 91» бағдарламасы. Кейінірек, «Жас отбасы», «Өңірлерді дамыту», «Қолжетімді баспана-2020» секілді бағдарламалар болды. Тек, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 5 жыл ішінде 30 мыңға жуық отандасымыздың қолы баспанаға жетті. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алдағы жылдары рекордтық көлемде тұрғын үй салынбақ. Жоспарға сай, жыл сайын 100 мыңға жуық отбасы қоныс тойын думандатуы тиіс. Жоспар түзілген. Енді іс-әрекет қана қалды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу