Ғаламтордағы есірткі өнімдерінің саудасына неге тосқауыл жоқ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаламтордағы есірткі өнімдерінің саудасына неге тосқауыл жоқ?

04.11.2018

Мәнсіз ләззат ақыры - мәңгілік азап. Соңғы 15 жылда нашақорлыққа салынып, балауса ғұмырларын қор қылған, күл қылған жасөспірімдердің саны 20 есеге көбейген. Шетел емес, өз елімізде. Есі мен еркін есірткіге байлағандар интернет беттерінде саудаланатын синтетикалық препараттарға еш қиындықсыз қол жеткізіп, еттерін шірітіп жатыр.

Сорақысы сол, оның әсері кәдімгі есірткіден әлдеқайда жоғары екен. Елімізде 900-ге жуық сайт емін-еркін есірткі сататыны белгілі болды. Тіпті балалар да есірткі саудасына жегіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 18-20 жас аралығындағы 8 бозбала есірткі сатқаны үшін сотталып кете барды. Осылайша, есірткі бизнесі жастардың қолымен етек жайып барады. Ал, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыскерлерді жауапқа тартуға, жазалауға қауқарсыз. Себебі, заң осал, әлсіз. Мысалы, Қазақстан 1990 жылдардың басында халықаралық конвенцияға қосылған. Оған героин мен апиын сияқты есірткінің 170 түрі ғана тізімге кірген. Есірткі таратқандарды ұстағанмен, препарат тізімде болмаса, олар жазадан сытылып, оңай құтылып кетеді. Дәрмен де, пәрмен де жоқ. Қысқасы, есіңді екеу, аяғыңды төртеу ететін синтетикалық есірткінің елімізде таралғанына 3-4 жыл болыпты. Мамандар жазаны қатаңдатып, заңға өзгеріс енгізбесе, дерттің дендеп кететінін айтады.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу