Жолдауда жүктелген мемлекеттік аппарат қалыптастыру тапсырмасы қалай жүзеге асу керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда жүктелген мемлекеттік аппарат қалыптастыру тапсырмасы қалай жүзеге асу керек?

14.10.2018

Бізде қадірі әбден қашқан мамандықтың бірі — мемлекеттік қызметші. Бұл салада жұмыс істегендер не жалақыға жарымай, не әлеуметтік қолдау көрмей келді. Сондықтан, өз қызметін кәсіпке айналдырып, жемқорлықтың жетегінде кететіндердің көбі осы саладан шығатын. Қосымша қаржы табу үшін анықтама сатса да, біреудің құжатын реттеп берсе де заңды жиі бұзатын. Күлбілтелемей тікесін айтқанда, мемлекет пен бұқара арасын жақындатады деп сенім артқан мамандар екі арадағы делдалдарға айналғанын несіне жасырайық. Пара көрсе жолдан таятын, немқұрайлы мемлекеттік қызметшілерге қатысты халықтың арыз-шағымы да еселеп артқан болатын. Сол себепті, соңғы жылдары салаға түбегейлі реформалар жасалды. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру үшін алдымен сала мамандарының жалақысын көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыруға қатты көңіл бөлінді. Іргелі өзгерістер арқылы мемлекеттік қызметшінің мәртебесін көтеріп, салаға кәсіби, білікті мамандардың келуіне күш жұмсалды. Президент биыл да бұл мәселеге айрықша тоқталды. Жолдауда жүктелген азаматтардың сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат қалыптастыру тапсырмасы қалай жүзеге асу керек?

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ      

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу