Бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақы  42 500 теңгеге дейін көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақы  42 500 теңгеге дейін көтеріледі

07.10.2018

Ақордадан шығысымен министрлер мен облыс әкімдері қарсы беттегі құзырлы ғимараттың алдына ат байлады. Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттер Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқыланды. Бақытжан Сағынтаев төрағалық еткен жиынға Президент әкімшілігінің жетекшісі  Әсет Исекешев те қатысты.  Министрлер Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстардың жалпы жүйесі қалай болатындығын баяндады.

Әуелі халықтың табысын арттыру шаралары қабылданады. Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы  42 500 теңгеге дейін көтеріледі. Министрлер экономиканы дамыту мен әлеуметтік саладағы тоқсан тарау мәселені шешудің жаңа шешімдерін де ұсынды. Бұдан бөлек, жиында облыс әкімдері алдағы жылу маусымына дайындық, орақ науқаны және баға тұрақтылығы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу