Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті саммитіне қатысты
Елбасы Тәжікстан астанасы – Душанбеге ұшып барып, ТМД елдері басшылары кеңесінің кезекті саммитіне қатысты. Жалпы, бұл белді ұйымды беделді сарапшылар «президенттер деңгейіндегі диалог» деп атап жүр. Жиындарда мемлекет басшыларына ашық пікір алмасып, күнделікті мәселелер бойынша шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ұйымға мүше кейбір елдер Еуразиялық экономикалық одаққа да кіреді. Демек, одақ аясындағы түйткілдерді қоса қарастыруға болады деген сөз. Осы аптада Ұйымның Душанбеде өткен 46-отырысында 15 құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында ақпараттық технологиядағы қылмыспен күрес, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта қолдану және зерттеу сынды мәселелер бар. Сондай-ақ, осыдан 27 жыл бұрын құрылған бұл ұйымның алдағы жұмыс жоспары, бағыт-бағдары нақтыланды. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтап, жаһандық қауіптер мен қатерлерге біріге отырып, қарсы тұра ала ма? Мүше-мемлекеттер мәселелердің ортақ шешімін қалай таппақ?
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы