Ал, «Цеснабанктен» құны 450 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы несиелерін Ұлттық банк неліктен өтеп төлеп алды? Бұл сауалға Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» газетіндегі сұхбатта жауап беріпті. Айтуынша, аграрлық сектор үшін валюталық несиелер ауыр салмақ. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін осындай шара қолдануды жөн санаған. Бұл жердегі мақсат – бұл саланың қазір қалыптасқан жағдайда дами беруіне мүмкіндік жасап, олқылықтарды жою. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешендері кәсіпорындарының борыш міндеттемесін азайтуға мән берілген.
Ал, «Цеснабанк» «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асырушы басты банк болғандықтан, бұл жерден несие алғандарға көмек көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан, Ұлттық банк «Цеснабанктен» несиелерді өтеп алу жұмыстарын бастап кетті. «Бұл бірінші кезекте банкке емес, депозит ашып, ақшасын осы банкке сеніп тапсырған салымшыларға жасалған көмек»,- депті Данияр Ақышев.
Айнұр ОМАР