Орыс-түрік жанжалына тоқтау салған Елбасы бітімгерлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орыс-түрік жанжалына тоқтау салған Елбасы бітімгерлігі

16.09.2018

Қазақ Президенті Анкараға ресми сапармен осыдан екі жыл бұрын, тамызда да барған еді. Осы тұста айта кеткен жөн, сол 2016 жылы, шілденің 15-і күнгі Түркиядағы сәтсіз әскери төңкерістен кейін бұл елге ең алғаш барған біздің Президент еді. Осы сапарда Тайып Ердоған Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын қалпына келтіруде сіңірген еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ағынан жарылып, алғыс та айтып еді. Есіңізде ме, көрші орыс пен бауырлас түрік елінің қарым-қатынасы 2015 жылдың 24 қарашасынан соң күрт нашарлады. Түркия мен Сирия шекарасында ресейлік Су-24 ұшағы атып түсірілгеннен кейін ресми Анкара өз әрекетінің дұрыстығын айтып, ақталуға тырысқан. Артынша Ресей Түркияға қарсы визалық және экономикалық санкциялар жариялады. Алайда, екеуі де ойсырай зиян шекті. Себебі, осы аралықта Ресей экономикасы түрік инвестициясынан қағылса, Түркия туризмнен түсетін жыл сайынғы пайдадан айрылды. Сонымен, сегіз айдан аса уақытқа созылған Ресей-Түркия арасындағы дүрдараздыққа Қазақ елінің басшысы тоқтау салды. Егер Елбасының бітімгерлігі болмаса, орыс-түрік жанжалының одан әрі созылуы әбден мүмкін еді.  

Хабарламаларға жазылу