Жатақхана тапшылығы тәлімгерлердің алаңсыз білім алуына кедергі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жатақхана тапшылығы тәлімгерлердің алаңсыз білім алуына кедергі

09.09.2018

Білім іздеген студент үшін баспана нөмірі бірінші мәселе. Көбінің үй жалдап тұруға күйі келе бермейді. Оның үстіне дәл осы студенттер келер кезде жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтайтыны дәстүр болып кеткен. Не жатақханаға іліге алмай, не дұрыс баспана мәселесін шеше алмаған студенттің алаңсыз білім алуы қиынның-қиыны.

Әрине, ширек ғасырдан астам уақыт біржақты етілмеген мәселенің таяу арада түбегейлі реттелуі екіталай. Алайда, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірі ретінде осы түйткілге айырықша тоқталғаны көңілдерге үміт сыйлайды. Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін 75 мың орындық студенттік жатақхана салуды тапсырған болатын.

Жалпы, барлық өңірлердегі жатақхана тапшылығы тәлімгерлердің алаңсыз білім алуына кедергі. Ал, Алматы мен Астана қалаларында жаңа оқу жылында жатақхана жыры ерекше күшейеді. Басын білім мәселесі емес, баспана жайымен қатырып жүрген ел ертеңі — жастардың жанайқайы жаныңа батпай қоймайды. Мамандар болса, студенттер үйінің жетіспеуі сапалы білім алуға тікелей әсер етеді деп отыр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу