«Лужники» стадионында Франция мен Хорватия арасындағы соңғы шешуші матч өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Лужники» стадионында Франция мен Хорватия арасындағы соңғы шешуші матч өтеді

15.07.2018

Сонымен, бір ай бойы ала доппен арбаған футбол тойы бүгін өз мәресіне тақады. Кеше Санкт-Петербургте Англиямен кездескен Бельгия футболшыларының ғаламат ойын өрнегіне өздеріңіз де куә болған шығарсыз?! Ағылшындарды 2:0 есебімен ұтып, үшінші орынды қанжығалады.  Ал, қазір санаулы уақыттан соң Мәскеу төріндегі 80 мың орындық даңқты «Лужники» стадионында соңғы шешуші матч басталады. Тарихи кездесу.  Жасыл алаңда Франция мен Хорватия футболшылары чемпиондыққа таласады.

1998 жылы өз жерінде айды аспанға шығарып Әлем чемпионы атанған француздар бүгін сол жетістігін қайталауға ниетті. Ал, Қазақстанмен құрдас, яғни, 1991 жылы ғана тәуелсіздігін алған Хорватия футбол тарихында алғаш рет финалға жетіп отыр. Сонымен, кімнің бабы келісіп, бағы жанып, әлем кубогын иеленеді? Алдағы екі сағаттың ішінде бірге куә боламыз. Ал, әзірге Шерхан Жамбылұлы чемпионаттың ең қызықты деген сәттерін есімізге салсын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу