Өткен жартыжылдықта салмағы бөлек қандай саяси шешімдер қабылданды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жартыжылдықта салмағы бөлек қандай саяси шешімдер қабылданды?

15.07.2018

Өткен жартыжылдықта қандай оқиғаларға куә болдық, салмағы бөлек нендей саяси шешімдер қабылданды? Қазақстанның биылғы жылғы сыртқы саясат сахнасындағы  ең айшықты әрі ең маңызды жаңалығы - Ақорда басшысы мен Ақ үй жетекшісінің кездесуі екеніне ешкім дау айта қоймас. Қаңтарда Вашингтонға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаевты Дональд Трамп ерекше құрметпен қарсы алды. Табалдырықтан өзі тосып алып, төрін ұсынды.

Қос президент тіпті тет а-тет, екеуара қалып, оңаша тілдесті. Мұны кейін ақпарат құралдарына арнайы сұхбат берген Елбасының өзі тілге тиек етті.  Өйткені, қазақ азат атанғалы бері АҚШ-ты басқарған үлкен Буштан бастап, Барак Обамаға дейін түгел кездескен Елбасы олардың ешқайсысымен оңашада екеуара қалып, сөйлеспеген. Ал, Трамп бұл тәртіпті бұзып, қазақ Президентіне ерекше пейіл танытты.

Жалпы, АҚШ ресми Астананың Орталық Азиядағы сенімді стратегиялық серіктесі. Сауда-саттық пен экономикада да екі елдің арасындағы ынтымақ айрықша. Өйткені, АҚШ Қазақстанға қаржы құйып отырған инвестор елдердің арасында алғашқы қатарда тұрған мемлекет.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу