Әлем чемпионатындағы ең қызықты сәттер (БЕЙНЕБАЯН) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатындағы ең қызықты сәттер (БЕЙНЕБАЯН)

13.07.2014
Әлем чемпионатындағы ең қызықты сәттер (БЕЙНЕБАЯН)

Енді мына 10-шы нөмірлі Неймардан бастап, ұлттық құрама жейделеріндегі барлық футболшылардың аты-жөндері өшірілуі ғажап емес. Бұл жейделерге жаңа ойыншылардың есімдері жазылуы мүмкін.

Олар бәлкім кешегі Ромарио, Роналдо, Ривалдо, Роберто Карлостай жұлдыздар шоғырына айналар, бәлкім жолдары болмаған бүгінгі Неймар, Халк, Фред, Оскардай қарапайым тобырға айналар, оны енді 2018 жылы көрші мемлекет - Ресейде өтетін Әлем чемпионатында байқап көрерміз.

Ал бүгін - тарих қойнауына енетін футболдан ХХ-шы Әлем чемпионатының ақтық ойыны. Германия мен Аргентина арасындағы тартысты матчты қараңыз. Әлбетте, сүйікті арнамыз - «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында!

Естеріңізге салайық, биыл отандық спорт тарихында тұңғыш рет біздің «KAZsport» жігіттері Бразилия стадиондарынан тікелей трансляциялар жүргізді.

Ал, қазір Бразилияда өткен Әлем чемпионатының ең қызықты сәттерін қараңыз. Тамсандырған әдемі голдарды қайта тамашалаңыз. Қысқаша бейнебаян. Осы тұстан тізгінді тарттық. Қыркүйекте амандықпен жолығайық. Рамазан айы ризыққа толсын, Ұлттық арнамыз қосулы болсын!

 

Хабарламаларға жазылу