ӘЧ-2016. Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2016. Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

05.05.2016
ӘЧ-2016. Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Кеңейтілген тізімге 27 спортшы енген. Олардың үшеуі қақпашы, 10-ы қорғаушы және 14-і шабуылшы. Айта кетейік, соңғы нақтыланған тізімге 3 қақпашы және 22 ойыншы енеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 7 мамыр күні Швейцария құрамасына қарсы өткізеді. Ойынды «Kazsport» телеарнасы сағат 15:15-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Павел Полуэктов, Виталий Колесник, Дмитрий Мальгин;

Қорғаушылар: Роман Савченко, Вячеслав Трясунов, Данияр Қайыров, Андрей Корабейников, Максим Семенов, Артемий Лакиза, Мадияр Ибрайбеков, Дамир Рыспаев, Александр Липин, Илья Лобанов. 

Шабуылшылар: Найджел Доус (а), Максим Худяков, Владимир Маркелов, Михаил Паньшин, Брэндон Боченски (а), Дмитрий Гренц, Дастин Бойд, Роман Старченко (к), Илья Соларев, Вадим Краснослабодцев, Константин Пушкарев, Евгений Рымарев, Александр Шин, Никита Иванов;

Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық кездесулері мен Әлем чемпионатының финалдық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу