Осы аптада журналистер қауымы кәсіби мерекелерін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада журналистер қауымы кәсіби мерекелерін атап өтті

02.07.2018

Міржақып Дулатов айтпақшы,«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты». Осы аптада журналистер қауымы Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнін атап өтті. Әуелде Қазақ журналистикасы күні 10 мамырда еді. Себебі, 1870 жылы дәл осы күні «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Содан бері БАҚ өкілдері жылына бір марқайып, масаттанып қалады.

Журналистер қауымының еңбегін лайықты бағалау мақсатында өткен жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Тұмар» және «Үркер» сыйлықтарын тағайындады. «Нұр Отан» партиясының «Нұр Сұңқар» сыйлығы, сонымен қатар, көптеген ұйым мен мекемелер тарапынан тағайындалған марапаттар да дәстүрлі түрде табысталып келеді.

Ал, ең мәртебелі сый – Мемлекет басшысының сыйлығы мен гранты. Қысқасы, кәсіби мерекедегі құттықтаулар мен марапаттар легі толастамады. Бұл берекелі аптада Ұлттық арнаның да жұлдызы жанды. Айлары оңынан туып, олжалы болған әріптестерді Оңғар Алпысбайұлы құттықтады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу