Елорда тойы - елдің тойы. Төр қаланың торқалы тойына еліміздің облыстары тарту жасап, Астананың сəулетінде қолтаңбасын қалдыруға ниет білдіріп жатыр. Қазақ даласының, Алаш баласының бағаналы орда, басты ордасына 20 жыл толғандықтан әр облыс, аудан мен ауыл үн қосуда. Соның бір дәлелі - Әулиеата өңірі, Жамбыл жері.
Бұл өңірде 20 жылдыққа орай 20 әлеуметтік-экономикалық нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Астанадан қашық жатса да, қаншама ауыл-аймақтың жұрты Арқа төсіндегі тойдың айшығы мен салтанатын қазірден сезініп-ақ жатыр. Жамбыл өңіріндегі елорда мерейтойына арналған іс-шаралар легі «Астана – аймақтардың арқауы» атты облыстық форумда түйінделді.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.