Басты Жаңалықтар Атырау облысының Астанаға тарту еткен алып көпірін Елбасы аралап көрді

Атырау облысының Астанаға тарту еткен алып көпірін Елбасы аралап көрді

«Өңірлердің Астанаға тартуы». Бүгін Елбасы осы бағдарлама аясында бірнеше нысанды аралап шықты. Алдымен Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйіне барды. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов нысанның эскиздік жобасын таныстырды. Бұл жерде кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, мәжіліс залы және Тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған.

Сосын Президент елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысы қайта жөндеуден өткізген «Жетісу» саябағын аралады. Кіреберісте Жетісуді бейнелейтін жеті қақпа, субұрқақтары бар басты аллея орналасқан. Сондай-ақ, тау сілемдерінің көрінісі және киіз үйге ұқсас орынжайлары бар «Апорт» алаңы, «Тамғалы тас» петроглифтері бейнеленген тастар және Шарын шатқалының үлгісі де осында.

Ал, Атырау облысы Астанаға алып көпір тарту етті. Қос жағалауды жалғайтын жаяу жүргінші көпірі мұнайлы өлкенің басты нышаны – балықтың үлгісінде жасалған. Ұзындығы – 313 метр, алты метрлік жаяу жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол, жарты метр қауіпсіздік сызығынан тұрады. Көпірді аралаған Президент аймақтың ұзақ жылдар ел игіліне жұмсалатын лайықты тарту жасағандығын атап өтті.

Астана әкімі Әсет Исекешев жалпы ұзындығы 56 шақырымдық веложолды таныстырды. Велосипед жолы Есіл өзенінің бойы мен сол жағалау және «ЭКСПО» кешенінің нысандары арқылы өтеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу