Ұлттық банк әлеуметтік желілерде «теңге құнсызданады» деп тараған ақпаратты негізсіз деп мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк әлеуметтік желілерде «теңге құнсызданады» деп тараған ақпаратты негізсіз деп мәлімдеді

17.06.2018

Осы аптада әлеуметтік желілерде «теңге құнсызданады» деген ақпар құйындай есті. Алайда, бүгін Ұлттық банк бұл ақпаратты «негізсіз» деп мәлімдеп, мұның шындыққа сәйкес келмейтіндігін айтты. Негізі, қазір әлемдік нарықта бір баррель мұнай бағасының орташа көрсеткіші 70 АҚШ доллары көлемінде. Бұл Ұлттық валютаның құнын сақтап тұруына қолайлы көрінеді. «Ал, соңғы уақытта теңге бағамының аз-маз ауытқуы ең алдымен демалыс маусымы кезінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына байланысты», - дейді банкирлер.

Ал, дәйексіз ақпарат таратқандарды анықтап, жазалауды құқық қорғау органдарының еншісіне тапсырыпты. Десе де, қолданысқа енген 1993 жылдан бері Ұлттық валютамыздың бірнеше рет күрт құнсызданып кеткенін көз көрді. Бұған дейін 1999 жылғы сәуірде, 2009 жылғы ақпанда, 2014 жылғы ақпанда және 2015 жылғы тамызда теңге бағамының күрт құбылуы көпшілік үшін күтпеген жаңалық болды.

Сондықтан, «теңге құнсызданады» десе, жұрттың өре түрегелуі заңды да шығар?!

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу