Басты Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасында бірқатар маңызды кездесу өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасында бірқатар маңызды кездесу өткізді

Президент Мәскеуден кейін арасын 800 шақырым жалғап жатқан Татарстан астанасы Қазан қаласына барды. Бұл қазақ пен татар арасындағы қарым-қатынасты «тарихи тіні үзілмеген достық» деп бағалауға болады. Себебі, екі елдің арасындағы саяси-экономикалық және рухани байланыстардың тарихы тым тереңде жатыр.

Мәселен, XVI ғасырда өмір сүрген Татар ханшайымы Сүйінбике Едіге бидің ұрпағы болған. Жалпы, бұл халықты еңбекке епті, ілім-білімге құштар деп айтады. Озық ойлы ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғырдың өзі «анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр...» деп өлеңдеткені бар. Ондағы ойы, емеуріні – ұйқысы көп, ояуы аз біздің халыққа татардың экономикасын, мәдениетін үлгі-өнеге қылып көрсету еді. Сонымен,  Нұрсұлтан Назарбаев төрт миллионға тарта халқы бар Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесу өткізді.

Айдос ӘШІМҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу