Елбасы осы аптада Мәскеудегі әлемдік футбол аламанының ашылу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы осы аптада Мәскеудегі әлемдік футбол аламанының ашылу рәсіміне қатысты

17.06.2018

Осы аптаның басты оқиғасы әдеттегідей саясат емес, спорт. Жуан елдермен тістесіп, жұлмалауға көнбеген, санкциялардан сағы сынбаған көрші Ресейде футболдан Әлем чемпионаты басталды.

Бейсенбіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен әлемдік футбол аламанының ашылу рәсіміне қатысу үшін Мәскеу қаласына ұшып барды. Әуежайда тарихи теңбіл допқа қолтаңбасын қалдырды. Чемпионаттың басты бойтұмары «сұр қасқырмен» сәлемдесті. Сосын 78 мың көрерменмен бірге «Лужники» стадионында Әлем чемпионатының ашылу салтанатын тамашалады. Артынша алаң иелері Ресей мен Сауд Арабиясы командалары арасындағы алғашқы ойынды көрді.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу