Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

03.06.2017
Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысты

Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан.

Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.

– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл  –  әлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті.

– Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. 

Хабарламаларға жазылу