Қазақстан – Әлем чемпионатын өткізуге қолайлы жер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – Әлем чемпионатын өткізуге қолайлы жер

03.05.2023

Болашақта Қазақстан әлем чемпионатын өткізуге ыңғайлы жер болмақ. ФИФА президенті Джанни Инфантиноның пікірі осындай. Өтінішті елде барлық қажетті жағдай жасалған кезде қарастырамыз дейді Халықаралық футбол федерациясының басшысы.

Сондай-ақ, ол Астанада қыздар арасында мектеп лигасының ашылу рәсіміне барып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Инфантино сонымен бірге, ФИФА Қазақстанда инфрақұрылымды, атап айтқанда футбол алаңдарын дамытуға қолдау көрсететінін жеткізді. Оның айтуынша, қазір осы бағытта жұмыс істеліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу