Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан екі аудан пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан екі аудан пайда болды

10.06.2018

Апта басында Ақордадан Жарлық шығып, Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан екі аудан пайда болды. Мақтарал ауданы екіге бөлінді. Мақтарал және Жетісай. Жетісай ауданының әкімшілік орталығы Жетісай қаласы. Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы да екіге бөлінді. Сарыағаш және Келес. Келес ауданының әкімшілік орталығы Абай ауылы. Сарыағаш ауданының орталығы - Сарыағаш қаласы. Бұл ел-жұрты көп, тығыз жатқан төрт аудан да шекаралық аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікке бейім берекелі өлкеде 700 мыңға тарта тұрғын өмір сүріп жатыр. Ал, түбі бір түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан жақында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына айналуы мүмкін. Өйткені, Шымкент енші алды, елдегі миллион тұрғыны бар үшінші қала атанды. Республикалық қала деген мәртебе берілді.

Осы аптада аймақ депутаттары облыс орталығын Түркістанға көшіру мәселесі бойынша Үкіметке ұсыныс жолдады. Енді Шымкенттегі облыстық басқармалардағы мемлекеттік қызметкерлер 170 шақырым жердегі жаңа орынға көшуі керек болады. Ал, облыс орталығы атануы мүмкін Түркістанды не күтіп тұр? Жаңа шешім көне қаланың өмірін көркейте ала ма?

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу