Елордада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысы өтті

10.06.2018

Сәрсенбіде қазақ жеріне құрығы ұзын қалталылар, қаржылылар, бір сөзбен түйгенде, көк ақшаға көмілген инвесторлар келіп кетті. Олар елордада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысына қатысты. Биылғы жиын кеңестің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Экономиканы инвестициясыз елестету мүмкін емес. Қосымша қаражат жоқ па, тұтас мемлекеттің дамуы екіталай. Тіпті инвесторлардың қандай да бір елге бару жиілігіне қарап, сол экономиканың болашағын болжау да қиын емес.

Күй талғайтын инвесторлар қандай елдерге барады? Сөзсіз, саяси тұрақты, оқ пен оттан аман, құқығы, мүлкі, зияткерлік меншігі толық қорғалатын елге ғана барады, қалтасындағы қаражатын, табысты еселеуге кепілдік болған кезде ғана салады. Бұл тұрғыда Қазақстан қалталы компаниялардың ешбірін қолынан қаққан емес, қайта қолтығынан демеді. Орталық Азия дегенде бәрінің де Қазақстанға қарай кеңірдегін созатыны сондықтан. Өйткені, біз өзгелер секілді тұмшаланбай, әу бастан ашық инвестициялық саясат ұстанған елміз. Сонымен, кеңеске кеңірек тоқталайық. Инвестициялық ахуал қалай, инвесторларды не мазалайды?

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу