ШЫҰ саммиті аясында тұңғыш рет БАҚ өкілдерінің форумы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ саммиті аясында тұңғыш рет БАҚ өкілдерінің форумы өтпек

27.05.2018

Біздің құрлықта, біздің құрлыққа тән саясатта «Шанхай сегіздігі» деген бар. Сол сегіздік бүгінде тек аймақтық емес, трансұлттық алпауыт ұйымға айналып келеді. Жаһан сарапшыларының пікірі де біздікіне ұқсайды. Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан алтылығына былтыр Үндістан мен Пәкістан қосылған еді. Қазіргі таңда сенімге негізделген тату жолдастықтың бір шеті Үнді мұхитында жатса, енді бір жағы Атлант мұхитына дейін созылған. Үлкен аумақ, үлкен саясат, үлкен экономика. Ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ шекарасы 34 млн. шаршы шақырым. Бұл - Еуразия құрлығының 60 пайызына жуығы. Ал, халық саны 3 млрд-тан асады. Енді 2 аптадан кейін кейін Қытайдың Шиңдаосында өтетін саммитке Қазақ лидері Нұрсұлтан Назарбаев та қатысады. Ел ертеңі үшін маңызы зор келіссөздер жүргізіп, құнды құжаттарға қол қояды деп жоспарланған. Жалпы, Шиңдао саммитінде ұзын-ырғасы 60-қа жуық шара өтпек. Олардың ішінен тұңғыш рет өткелі отырған Іскер әйелдер форумы мен БАҚ өкілдерінің форумын ерекше атауға тұрады. Саясаттағы ойыншылар саммитте тағы қандай мәселелерді талқылайды? Жалпы, Шиндао деген қандай мекен? 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу