Елбасы Орал шаһарына барған сапарында бірқатар өндіріс орнын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Орал шаһарына барған сапарында бірқатар өндіріс орнын аралады

20.05.2018

Осы аптада Елбасы Еуропа мен Азияның алтын қақпасы Орал шаһарына барды. Мемлекет басшысы өңірде экономикалық-әлеуметтік салмағы зіл бірқатар өндіріс орнын аралап, тынысымен танысты.

Жайық жағасындағы өңірдің дамуында серпін бар. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында аймақта 770 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Оның ішінде тау-кен 690 млрд. теңге, ал, өңдеу саласы 57 млрд. теңгеге жуық. Металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,6 есеге көбейген. Құрылыс саласының да қарқыны жақсы. Жыл басынан бері 145,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаға берілді. Аймақта шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты. Бұл – республика бойынша Астанадан кейінгі екінші жоғары көрсеткіш.  Әсіресе, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ірі жобалар іркіліссіз іске асып келеді.

Сонымен, Елбасы Орал өңіріне жұмыс сапарын қалай түйіндеді? Аймақ билігіне қандай тапсырмалар жүктеді? Рет-ретімен Жазира Досмағанбет баяндайды.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу