Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
«Алып-сатудан» гөрі, өнім өндіретін шағын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауды жетілдіру қажет. Микробизнеске үш жылдық мораторий енгізілмек. Тең мүмкіндік әділ бәсекеге жол ашады. – Жолдаудағы бұл бастамаларды Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері қуана қабылдады. Еңбектен береке тапқан ауыл тұрғындарымен тілшіміз тілдесті.
Казталов ауылындағы сирек кәсіп – жиһаз жасауды Ербол Аяпов төрт жыл бұрын бастаған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайызбен 13 млн теңге несие алып, бірнеше станок сатып алған. Енді темір мен әйнектен жиһаз жасауға көшпек. Тапсырысты өзі қабылдайды.
Ербол Аяпов, кәсіпкер:
Барып, өлшеп, пилотный жоба жасап алып келем. Сосын осы программаға саламын 3d проекциясын. Сонда бүкіл деталін шығарып береді. Түстерін, сметасын да, қанша деталь, қанша көлем, сол арқылы бағасын шығарамыз. «Даму» бар, «Ақжайық» бар, былай да бағдарламалар бар, субсидия беріп жатыр көп нәрсеге. Мемлекеттен қолдау жақсы беріліп тұр жұмыс істеймін деген адамға.
Ал сауданың көрігін қыздырған кәсіпкерлер ауданға жеке инвестиция салып отыр. Отбасылық кәсіп иелері дәмхана, азық-түлік, автобөлшек дүкендерінің кешенін ашқан. Келер жылы қонақүйі бар заманауи демалыс орнын салмақшы.
Оксана Жұмалиева, кәсіпкер:
«Ынтымақ» мұнарасы бар, соған келушілер өте көп болды. Бізбен бірге қатарлас шамалас ашылды. Сол кезден бері өте керемет, кешенімізге жан-жақтан келіп жатыр. Жұмысшыларымыз 40 адамға жетті.
Алайда президент жолдауда саудадан гөрі, Аягүл Сәрсенғалиева сияқты өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерге көбірек қолдау қажеттігін баса айтты. Аудандағы инвестициялық форум көрмесіне өз өнімін әкелген көпбалалы ана еттен шұжық жасайды. Бастапқыда тек балаларыма арнап жасаймын деген ниет қазір үлкен кәсіпке айналған.
Аягүл Сәрсенғалиева, Көпбалалы ана, шағын кәсіп иесі:
Шикізатты біз осы Казталов ауданы Қошанкөл ауылынан аламыз. Сиыр еті, жылқы еті, қой етін өндіріп, осындай шұжықтар жасаймыз. Мысалы, «краковский» деген түріне шошқаның майының орнына құйрық май қосамыз. Үйдің ірімшігі қосылған түрі де бар. Мұнда да сиыр еті мен тауық етін араластырып жасаймыз. Балаларға арналған сүт қосылған сосискалар бар.
Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлікті әртараптандыру мәселесін үнемі айтып келеді. Әсіресе, өнім өндіретін бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау тетігін нығайту қажет.
Айгүл Қазанбаева, Экономика ғылымдарының кандидаты, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ проректоры:
Мысалы, мал шаруашылығында өте көп қожалықтар бар. Барлығы сол малды өсіреді, сосын етті тапсырады. Неге соны өңдемеске? Үлкен шаруашылық ұстап отырғандар цехтар ашса, ол, ең алдымен, өндіріс, ол өңдеу, ол жаңа жұмыс орындары, ол жаңа технолгия және азық-түлікті қамтамасыз ету. Сондықтан да президент өндіріске көп мән беру керек деп тұр. Біз, ғалымдар, оларға көмектесуге әрдайым дайынбыз.
Сондай-ақ, шағын кәсіп иелері келер жылы үш жылға жарияланатын мораторий мерзімін ұтымды пайдалануы керек дейді сарапшылар. Берілген уақытты ресурс табуға, жаңа технологиялар енгізуге жұмсаған кәсіпкердің ұтары анық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы