Отан қорғаушылар күнінде Отарда жауынгерлік шеру өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отан қорғаушылар күнінде Отарда жауынгерлік шеру өтеді

06.05.2018

Он шақты күн бұрын әлеуметтік желілерде осы бір бейнеүзік лезде тарап, мұқым қазақтың рухын асқақтатты, көңілін тебірентті, елжіретті, емірентті. Бұл «Қайда дайындық?», «Қайда өтетін шара?» деп сұраушылар көп болды. Бұл - ертең Отарда өтетін «Жауынгерлік шерудің» дайындығы еді. Ертеңгі елеулі шарада - бүкіл Қарулы күштеріміздің қазіргі қуаты мен сарбаздардың қарым-қабілеті бағамдалады. Бұл егемен еліміздің тарихындағы 9-шы ауқымды әскери шара.

Ал, жауынгерлік ұрыс түрлері ашық көрсетілетін екінші шеру. Оның алғашқысы, осыдан 5 жыл бұрын яғни, 2013 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде 7 мыңға жуық жауынгер мен 500-ден астам әскери техника жұмылдырылған еді. 86 ұшақ пен тікұшақ, 400 бронды техника ұрыс кезіндегі қимыл-әрекеттерін көрсеткен. Ал, биылғы шерудің бұрынғыдан ерекшелігі неде? Тілшіміз Амангелді Сейітхан жаттығуға қатысып, шерудің жоспарымен танысып келді.

Амангелді СЕЙІТХАН

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу