Екі апта бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі сұғанақ қаржы институттарына енді мемлекет тарапынан қолдау мүлдем көрсетілмейтінін айтты. Осы аптаның аяғында Сенат депутаттары банк секторына қатысты Парламенттік тыңдау өткізді.
Тыңдағандарына қанағаттанды деуге келе қоймас. Бақсақ бақа екен демекші, банктер халыққа бірнеше еселенген үстемемен үлестіретін ақшаларын акционерлерінің тамыр-таныстарына басқаша беріп келген. Көзі жақсы, сөзі өтімділердің алған несиелерінің сұрауы да болмаған жағдайлар жоқ емес.
Осындай құйтырқы әрекеттердің алдын алу үшін не істемек керек? Тек былтырдың өзінде 3 триллион теңгеге сауықтырылған банк секторын енді, қолдау тыйылғанда қалайша оңалтамыз? Индира Бегайдар рет-ретімен баяндайды.
Индира БЕГАЙДАР
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.