Басты Жаңалықтар Азаттық алған жылдар белесінде Қарулы күштердің қауқары күшейді, әлеуеті артты - Елбасы

Азаттық алған жылдар белесінде Қарулы күштердің қауқары күшейді, әлеуеті артты - Елбасы

Ертең 7 мамыр. Қазақ әскері Отан қорғаушылар күніне орай Отар даласында өтетін жауынгерлік шеруге қамданып жатыр. Әбжіл жігіттердің әзірлігі мықты. Ал, сардарлар мен сарбаздарға арналған салтанат осы апта Ақордадан басталып кетті. Мемлекеттің басшысы, Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы күштер мен құзырлы органдар сапында қалтқысыз қызмет етіп жүрген бірнеше азаматқа өз қолымен жоғары шенді наградаларды тапсырды.

«Азаттық алған жылдар белесінде Қарулы күштердің қауқары күшейді, әлеуеті артты. Кәсіби тұрғыда шыңдалды. Керіле көсілген кең-байтақ Қазақстанның іргесін берік ұстап, мемлекет шекарасын көздің қарашығындай сақтауға ант берген сарбаздардың қызметі мен ерлігі ұмыт қалмайды», -  деді, Елбасы сардарларға қарап.

Бүгінгідей жаһандағы тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігі мен халықтың тыныштығын қорғауда әскери қорғаныс әлеуетінің маңызы ерекше.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу