Алматы облысында болған тау көшкінінің себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында болған тау көшкінінің себебі неде?

29.04.2018

Таудың сыры - тек Тәңірге мәлім. Ал, адамдарға белгілісі - оның жиі-жиі күрсінетіні. Жалпы, жердің сәт сайын сілкініп тұратынын көпшілік біледі. Ал, сол жердің қазығы саналатын тау қаттырақ сілкінсе, алапат көшкін жүреді. Мұндай жағдай жуырда Тәңіртауының құйқалы баурайын қоныстанған жұртты бір сілкінтті. Алматы облысындағы тау көшкінін теледидардан көрген жанның барлығы алаңдағаны рас. Өйткені, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі үлкен шоқының ортасынан опырылып құлағанына мамандардың өзі қайран қалған. Негізінен тау жыныстары жылжып, оның астындағы тектоникалық плиталар үнемі қозғалып тұрады. Көкке қарай ұмтылып өсетін жас, жерге қарай шөгетін қарт таулар да бар. Алайда, біз оған тек осындай оқыс жағдай тіркелген кезде ғана зер салып, мән береміз. Жалпы, «Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңір естиді» деп сенген қазақ жалғыздықта қалса, жартасқа барып мұңын шағады. Себебі, сөзім тау арқылы Тәңірге жетеді деген ежелден қалыптасқан сенім болған. Ал, таудың мұңын көкке кім жеткізеді? Оның құпиясын адамдар біледі ме? Мамандардың өзі Алатаудың қай жерінде қашан жер сілкінетінін дөп басып айта алмайды. Тілшіміз Нұрлан Асқарұлы көшкен тауды көзімен көріп, оның қаупі туралы білікті мамандардан сұрастырып келді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу