Елімізде жасөспірімдердің дені интернеттің «инесіне» отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жасөспірімдердің дені интернеттің «инесіне» отырған

15.04.2018

Бүгінде баланың қолындағы телефонды ойыншық деп қана қарайтындар көп. Әлбетте, балғын шуламасын, мазаламай отырсын деген ниетпен смартфондарды ұстатамыз. Әуелі мультфильм қосып бересіз, одан соң баланың өзі-ақ ненің не екенін тез меңгеріп алады. Ол да тыныш, сізге де керегі сол. Бірақ, тап осы кішкентай қателіктен үлкен қауіп төнеді. Себебі, қазірге таңда жасөспірімдердің дені интернеттің «инесіне» отырған. Шынайы өмір мен виртуалды әлемді ажырата алмайтын жағдайға жеткен. Ал, интернет дегеніміз – күл-қоқыстың, зиянды ақпардың алаңы. Соның барлығын сүзгісіз санасына сіңірген жасөспірімнің психологиясы құртылып, мінезі бұзылып, қатігез болып қалыптасып жатыр. Оған еліміздің түкпір-түкпірінде балалардың арасында жасалып жатқан ірілі-ұсақты қылмыстар дәлел.  

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу