Корей түбегіндегі қауіп сейіле ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корей түбегіндегі қауіп сейіле ме?

08.04.2018

30 жыл бұрынғы қырғи-қабақ соғыстан соң мәмілеге келе алмай жүрген екі елдің арасында жылымық пайда болды. Бұл туралы әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары да жарыса жазып жатыр. Ал, барлық дүниежүзі көз тіккен кездесу 27 сәуір күні өтеді. Оңтүстік және Солтүстік Кореяның басшылары шекарадағы Пханмунджом елді мекеніндегі саммитке қатысады. Оған дайындық шаралары 4 сәуірде басталып кетті.

Тарихқа табан тіреп, өткенмен есептесу керек қой әрине, бірақ кекшілдіктің келешегі жоқ. Оның үстіне, «жалғыз ағаш орман болмас» деген тағы бар. Оны солтүстіккореялық басшы Ким Чен Ын түсіне бастаған сияқты. Соңғы әрекеттеріне қарағанда, бұл елдің президенті ядролық қарудан бас тартуға қадам жасауға  уәде берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының, АҚШ-тың, Оңтүстік Кореяның да қойып отырған талабы осы. Ядролық мәселелерді сауатты шеше алмаудың, шарасыздықтың нәтижесінде санкциялар салынды. Егер Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартса, оған қойылған санкциялар алынып тасталады, тұралап қалған экономикасы жанданады, инвестиция тартылады, яғни, кемі толып, кетігі бүтінделген елге айналады. Индира Бегайдар Пханмунджом маңындағы ахуалмен танысып, Корей түбегінің тұрғындарымен тілдесіп келді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу