Еліміздегі әзіл-сықақ театрларының рейтингісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі әзіл-сықақ театрларының рейтингісі

01.04.2018

Бүгін 1-сәуір – күлкі күні. Осы ретте белгілі сатирик Сейіт Кенжеахметұлынан қалған «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім» деген әдемі сөз еске түседі. Расында да «соңғы кездері әзіл арзандап барады, күлдіру үшін жасалатын күлдібадам дүние қаптап кетті» деген сын-пікірлерді де жиі естиміз. Әлбетте, күлдіре отырып, ойландыру, адамға ой салу - үлкен өнер. Әдемі әзілмен қоғамның қотырын қасып, кейбір келеңсіздіктерін сынау, яғни, мақтамен бауыздау да бұл өнердің арқалаған жүгі деп білетінбіз, бұрындары. Ал, қазір сахнада әзілге арқау болатын зіл дүниелердің орны өзгеріп, жалпы, әзіл-сықақ та басты мақсатынан алыстап бара жатқандай. Бүгінде «күлдіру - бір сәттік көңіл көтеру» деген түсінік қалыптасты. Сондықтан, қазір санынан жаңылатын әзіл-оспақшыларға «көр-жерді әңгіме етеді, отбасы, ошақ-қасынан аса алмайды, өресі тым таяз, шал-кемпір мен келінді келеке етуден аса алмай жүр», деп налитындарды да түсінуге болады. Дегенмен, жұрт көңілінен шығып, махаббатына бөленіп жүрген театрлар жоқ емес. Бүгінгі мерекеге орай «Апта» сараптама орталығы әзіл-сықақ театрларын бір түгендеп шыққан болатын.    

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу