Наурыз қай облыста қандай ерекшелікпен аталып өтті? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наурыз қай облыста қандай ерекшелікпен аталып өтті?

25.03.2018

Наурыз биыл да жоғары деңгейде мерекеленді. Алайда, Ұлыстың ұлы күнін ұлттың асыға күтетін, түбегейлі төл мерекесіне айналдыру үшін әлі толағай істер атқарылуы керек. Себебі, әр өңір өзінің шама-шарқы мен ұғымына қарай мерекелейді. Ортақ бағдар, әлі де болса бірізділік жоқ. Оның үстіне байтақ даладағы ауа райы да ала-құла.

Кейбір өңірлерде Ұлыс күні малдың ауызы көкке ілінсе, кейбір жерлерде қыстың қаһары әлі де қайта қоймаған кез. Биыл Наурыз тойын рухани жаңғырумен үйлестіріп, тарихи санамен ұштастыруға тырысқан өңірлер көп болды. Президент те бұл мерекені «Түптің түбінде ұлттық жаңа жылымыз болады» - деді. Сондықтан, алдағы уақытта тойдың сауықтық мазмұнымен шектелмей, тағылымдық сипатына мән беруіміз керек.  

Төл мерекені төрге оздыру үшін жергілікті атқарушы биліктер не істеп жатыр? Апта сараптамалық орталығы Ұлыстың ұлы күнін өңірлердің қалай атап өткенін зерделеп көрді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу