Ресей елінде жетінші рет президент сайлауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей елінде жетінші рет президент сайлауы өтіп жатыр

18.03.2018

Жер-жиһанның назары бүгін Ресейге ауып тұр. Көрші елде осымен жетінші рет президент сайлауы өтіп жатыр. Конституцияға сәйкес, 35 жасқа толған, ел аумағында кемінде 10 жыл тұрақты тұрған Ресей азаматы алты жыл мерзімге Ресей президенті болып сайлана алады. Алып державаны басқаруға сегіз адам үміткер. Олардың аты-жөндері дауыс беру бюллетеніне алфавиттік тәртіп бойынша енгізілген: Сергей Бабурин («Российский общенародный союз» партиясынан), Павел Грудинин (Ресей Федерациясы коммунистік партиясынан), либерал-демократ әрі популист Владимир Жириновский (Ресей либерал-демократиялық партиясынан), Владимир Путин (өзін-өзі ұсынған), Ксения Собчак («Гражданская инициатива» партиясынан), Максим Сурайкин («Коммунисты России» партиясынан), Борис Титов («Партия роста» саяси ұйымынан) және Григорий Явлинский («Яблоко» партиясынан).

Ресей президенті сайлауына дауыс беруге арналған сайлау учаскелері шет мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да ашылған. Мұндай сайлау учаскелері еліміздің 17 қаласында ұйымдастырылған. Ресейдегі саяси тартыс туралы мәскеулік тілшіміз Нұртас Солтанұлы тікелей эфирде баяндады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу