Құрылыс және коммуналдық салаға енетін оң өзгерістер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс және коммуналдық салаға енетін оң өзгерістер

25.02.2018

Жолдау жүктеген міндеттер - өте жауапты. Ал, оны бұлжытпай орындау Үкіметтегі уәзірлер үшін үлкен сын. Сондықтан, салалық министрліктер салақсымай, Президент Жолдауындағы он міндеттің салмағын саналы түрде түсініп, ондағы тапсырмаларды тапжылтпай орындауы тиіс.  Осы құнды құжаттың бесінші бағытында Президент  құрылысты, коммуналдық саланы цифрлық жүйеге негіздеп, аталған секторға заманауи технологияны енгізуді міндеттеген-тұғын. Қазір Қазақстанда пайдаға берілген тұрғын үй көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. «Сондықтан, салынған және салынатын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек» деп отыр Елбасы. Бұл өздеріңізге көрермен, қолайлы жағдай туғызып, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартуға мүмкіндік береді. Табиғи монополистерді тиімді жұмыс істеуге ынталандырады. Ал, оны орындау үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына жүгінеміз. Құрылыс және коммуналдық салаға енетін оң өзгерістер жайлы Оңғар Алпысбайұлының сюжетінде.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу