«Апта» бағдарламасында министр Дәурен Абаев қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Апта» бағдарламасында министр Дәурен Абаев қонақта

28.01.2018

Бүгінгі технологиялық трендтер керуенін қуып жету мүмкін емес. Бірақ, жаһанда жаңадан пайда болған технологияларды игеруге бүкіл әлем елдері ұмтылып отыр. Демек, үлкен бәсеке басталды. Жұмыр жердегі күллі жұрт тың технологияларды игерудің аламанына қосылды. Біз де сол аламанға қосылған екенбіз, енді шабан аттай шоқырақтауға болмайды. Тұрып қалсақ, тар да, ескі әлемнің аясында қалып кетеміз. Елдер арасындағы дамудың арақатынасы да осылай алшақтай түседі. Мұны Президент жастармен кездесуінде жиі айтып жүр.

Енді цифрландырудың қараша халыққа пайдасы, игілігі қандай деген сауалды спикерімізге қойсақ. Студияда - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. 

Хабарламаларға жазылу