Еліміздің 4 өңірінде Елбасы есімі берілетін көшелер қайта таңдалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 4 өңірінде Елбасы есімі берілетін көшелер қайта таңдалады

21.03.2019

Көшелердің атауын өзгертуде жарысқа түсудің қажеті жоқ. «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді. Ол республикалық ономастикалық комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелеріне ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешімдерді қолдағанын айтты. «Бірақ Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Тараз қалаларындағы көшелер мен нысандар атауын ауыстыру ұсынысы қайта қаралсын», делінген.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біз мұның бәрін жарысқа айналдырмауымыз керек. Абай, Төле би, Әбілқайыр хан және өзге де халқымыздың ұлы тұлғалары атындағы көшелер мәдениетіміз бен тарихи құндылықтарымызды дәріптеп тұр. Сол себепті комиссия осындай шешімге келді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу