Дәурен Абаев ел аймақтарында бүркітшілер орталығын ашуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев ел аймақтарында бүркітшілер орталығын ашуды ұсынды

26.03.2019

Дәурен Абаев ел аймақтарында бүркітшілер орталығын ашуды ұсынды. Осылайша ата дәстүрді жаңғыртып, ұлтымыздың көне өнерін туризмнің негізгі ажырамас бөлігіне айналдыру көзделіп отыр. Абаев бұл ұсынысты Жастар жылының ресми ашылу салтанатында әйгілі бүркітші қыз Айшолпанның айтқанын еске салды. Министр бүгін Үкімет отырысында Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы туралы баяндаған.  Оған сәйкес, азаматтардың пікірі ескеріліп, жаңа 5 бастама қосылып отыр. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде қазақтың атын әлемге танытып жүрген Айшолпан есімді бүркітші қыз орталық ашуды ұсынған еді.  Жаттығу орталықтарын ашып, түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп қана қоймай, Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп жұмыс жүргізу жоспарланған.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу