«Мен қазақпын» байқауында талайдың таңдайын қақтырған өнерпаздар кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен қазақпын» байқауында талайдың таңдайын қақтырған өнерпаздар кімдер?

17.12.2017

Ұлттық арна көрермендерінің нағыз көзайымына айналған жоба, сөз жоқ, «Мен қазақпын» атты музыкалық сайыс. Соңғы жылдары қазақтың қара домбырасына құрмет азайып, ұлттық өнер өзге жанрдың көлеңкесінде қалып бара жатқаны рас. Дәл осындай аумалы-төкпелі кезеңде ұлы өнерді ұлықтауға ұйытқы болған Ұлттық арна «Мен қазақпын» жобасын қалың бұқара назарына ұсынып, мәдени мұрамыздың тамырына нәр беріп, қан жүгіртті. Халық әндері қайта жаңғырып, күйдің күмбірін, терменің шерлісін тыңдатты. Додалы думанға алыс-жақын шетел мен өз ішімізден 3000-ға жуық үміткер өтініш білдіріп, солардың 700-і қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 57-сі телевизиялық байқауға жолдама алды. Осы аптада байқау өз мәресіне жетті. Көптің қошеметіне бөленіп, талайдың таңдайын қақтырған өнерпаздар кімдер? Байқау қалай өтті?

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу