«Таңшолпан». Амандық Көмекұлы: Дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы – ерекше жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Амандық Көмекұлы: Дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы – ерекше жоба

29.09.2017

Жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмекұлы бағдарлама төрінде боллды.

Амандық Көмекұлы Ұлттық арнада өтіп жатқан «Мен қазақпын» мегажобасының қазылар алқасының қатарында.

«Дәстүрлі  өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы - керемет дүние. Қазақстанның барлық облыстарынан, шет мемлекеттен келген өнерпаздар қатысып жатыр. Мен бірінші турға қатыстым. Бірінен-бірі өткен жүйріктердің өнеріне куә болдық. Әсіресе, сыртта жүрген ағайындардың атамекенге деген сағыныштары жүректі ауыртады. Жақсымызға қуанып, кемшіліктерге қиналып жатады.

Жалпы, дәстүрлі өнер - адамның ұлтшылдық қасиетін, ұлтын ұлықтайтындай, шын мәніне келгенде, патриоттық сезімін оятатын, отансүйгіштікке баулитын бірден-бір дүние», - дейді өнер иесі.

 

Хабарламаларға жазылу