Ұлттық валютаның тарихы мен қазіргі ахуалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық валютаның тарихы мен қазіргі ахуалы

19.11.2017

15 қараша - Ұлттық валюта күні. Яғни, Қазақстанда теңгенің енгізілген күні. 24 жастағы теңгенің қазір «тепсе темір үзетін» шағы деу қиын. Тегеуіріні әлсіз. Дегенмен, теңге мемлекеттің негізгі ұлттық нышандарының бірі екені тағы рас. Себебі, біз басқаға басы байланбаған, дербес қаржы саясатын жүргізетін ел боламыз десек,  ұлттық валютамыз болуы шарт.

Кеңес Одағының керегесі сөгілген күннен бастап, әр ел тәуелсіздік алумен қатар, ұлттық валюталарын шығаруды қолға алды. Өйткені, ақша тәуелсіздікті экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін керек. Теңгенің де тарихы дәл осы тұстан бастау алды. Елде ұлттық ақша туралы монитарлық саясат жасалды.

1991 жылдың соңы мен 1992 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк ұлттық валютаның шаруасымен айналысты. Сөз жоқ, стратегиялық маңызы бар тапсырма өте құпия жүзеге асырылды. Сөйтіп, теңге 1993 жылдың наурызында-ақ дайын болады. Алайда, айналымға шілдеде шығарылмақ болған ақша саяси себептерге байланысты халыққа қарашада бір-ақ жетеді. Теңгенің одан бергі тарихы мен қазіргі ахуалы туралы келесі репортажда.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу